Бас бостандығын шектеу мерзімін қысқартуды қалаған Болат Бақауов бастапқы ойынан бас тартты

808

Павлодар облысының бұрынғы басшысы арызын қайтып алды.

Бас бостандығын шектеу мерзімін қысқартуды қалаған Болат Бақауов бастапқы ойынан бас тартты

Павлодар облысын төрт жылға жуық уақыт бойы басқарып, кейін қызметін асыра пайдаланғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығы шектелген Болат Бақауов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгін экс-әкімнің өтініші Павлодар қалалық №2 сотында қаралуға тиіс еді. Алайда сот отырысы басталмас бұрын бұрынғы аймақ басшысы алғашқы арызын қайтарып алу туралы өтініш берді. Бірақ сот өкілдері Болат Бақауовтың мұндай қадамға не себепті барғанын айтпады. Шартты түрде мерзімінен босату бастамасын сотталушының өзі көтергендіктен, арызды да өзі ғана қайтарып ала алады. Соның негізінде сот оның өтінішін қанағаттандырып, шектеу мерзімін қысқарту ісін қарамайтын болды.

Еске сала кетейік, Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айынан бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін Павлодар облысына жетекшілік еткен еді. Өткен жылыдң басында мемлекеттік кірістер органдары өкілдеріне бауырының салық бойынша қарыз көлемін азайтып көрсетуді талап еткені үшін оның үстінен іс қозғалды. Мамыр айында сот бұрынғы облыс әкімінің бас бостандығын үш жарым жылға шектеу туралы шешім шығарды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу