Бас мүфти қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтады

1914

Серікбай қажы Ораз көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетіп, қариялар мен мүгедек жандарға, жалғыз басты аналарға, жетімдер мен науқас адамдарға қамқорлық жасауға үндейді.  

Бас мүфти қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз барша мұсылмандарды қасиетті рамазан айының келуімен құттықтады. Құттықтау сөз ҚМДБ ресми сайтында жарияланды.

"Өздеріңізге белгілі, елімізде көпбалалы отбасылар мен жастарға көңіл бөлініп, бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Мемлекеттің игі бастамаларына үн қосу – барша азаматтың асыл борышы. Ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатын айда көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетіп, қариялар мен мүгедек жандардың, жалғыз басты аналардың батасын алып, алғысына бөленуге үндеймін. Жетімдер мен науқас адамдарға қамқорлық жасайық!", – деп жақсылық жасауға шақырады бас мүфти.

Серікбай қажы Ораз ҚМДБ-ның қызметі аясында демеуші азаматтардың қолдауымен баспанаға мұқтаж 15 жанұяға пәтер кілті табысталғанын, бұл бағытта ізгі шаралар жалғаса беретінін айтады.

"Құрметті жамағат! Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!", – делінген құттықтау сөзде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу