Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртаудың" кірісін азайтып көрсеткенін растады

736

"Арселор Миттал" Иран мен Қытайға экспорттаған тауардың бағасын түсіріп жіберген. Салдарынан Қазақстанға төлеген салығы азайған.

Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртаудың" кірісін азайтып көрсеткенін растады

"Арселор Миттал Теміртау"  кірісін 20 млрд теңгеге азайтып көрсеткенін және өзге  компанияларға қарызы барын  Бас прокуратура мен үкімет растады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың айтуынша, Қаржы министрлігі тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, "Арселор Миттал" Иран мен Қытайға экспорттаған тауардың бағасын түсіріп жіберген. Салдарынан Қазақстанға төлеген салығы азайған.

Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында мәжіліс депутаты Азат Перуашев "Арселор Миттал" кәсіпкерлердің құқын бұзды деген мәселе көтерген болатын. Болат өндіруші кәсіпорын отандық компаниялардың алдындағы міндеттемелерін орындамаған. Сондай-ақ, шетелдік алпауыт табысын жасырып, салығын азайтып көрсетудің неше түрлі айла-тәсілдеріне барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу