Бас прокуратура депутаттың арызынан кейін "СК-Фармацияға" қатысты тергеуді бастады

1144

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіге жазды.    

Бас прокуратура депутаттың арызынан кейін "СК-Фармацияға" қатысты тергеуді бастады Фото: optimism.kz

Бірыңғай дәрі-дәрмек дистрибьюторына қатысты тергеу 4 негізгі сұрақ бойынша басталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда:

  • 166,4 млн теңгеге (310 мың доллар) жалған дәрі-дәрмек зерттеулері;
  • құны 36,7 млн теңге (68 мың доллар) болатын, бірақ іс жүзінде алынбаған жабдықты игеру;
  • дәрі-дәрмек сатып алу кезінде бюджетке 35,8 млрд теңге (66,7 млн доллар) көлемінде келтірілген ықтимал залал;
  • медициналық қолғаптардың бағасын көтеру және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 5,3 млрд теңге (9,8 млн доллар).

Айта кетейік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жүргізілген мемлекеттік аудит түрлі заңбұзушылықтарды, соның ішінде 741 млн теңге (1,4 млн доллар) көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу