Бас прокуратура Францияда тұрып жатқан Мұхтар Әблязовке қатысты пікір білдірді

396

Франция прокуратурасы экс-банкирге қатысты қылмыстық іс қозғаған.  

Бас прокуратура Францияда тұрып жатқан Мұхтар Әблязовке қатысты пікір білдірді Фото: nur.kz

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мұхтар Әблязов ісі бойынша тілшілердің сауалына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біздің және өздерінің (Франция – ред.) материалдары бойынша Франция прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу судьясы осы материалдар негізінде Әблязовты ұстау туралы шешім қабылдағаны өздеріңізге белгілі. Әблязов пен оның адвокаттары тергеу сотының бұл шешімдеріне шағымданып, сот қамауда ұстау туралы өтінішті ішінара қанағаттандырды", - деді ол.

Бірақ та, Франция прокуратурасы бұл шешімге наразылық білдіріп, бүгінде бұл іс сотта қаралып жатыр.

"Әзірге жоғары тұрған инстанциялар бұл туралы шешім қабылдаған жоқ", - деп түйіндеді Әсет Шындалиев.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс Қазақстан-Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы құжатты мақұлдағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу