Бас прокуратура Қордай оқиғасы бойынша шыққан сот үкіміне түсінік берді

1106

Ұрлық жасап, жаппай тәртіпсіздік орнатқаны үшін жеті адам 3-тен 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Бас прокуратура Қордай оқиғасы бойынша шыққан сот үкіміне түсінік берді

Бас прокуратура Қордай оқиғасы бойынша шыққан сот үкіміне түсінік берді, деп хабарлайды Аtameken Business. Мәліметтерге қарағанда, ұрлық жасап, жаппай тәртіпсіздік орнатқаны үшін жеті адам 3-тен 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, прокурорлар 51 адамға қатысты тергеу жүргізіп, оларға кісі өлтіру, мүлікті өртеу мен қирату, арандату және билік өкілдерінің талаптарына бағынбау бойынша айып тағылды. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды. 

Бұған қоса, полицейлерге зорлық-зомбылық көрсеткен ағайынды Воингуй бір жарым жылға, Құдашбаевтардың денсаулықтарына зиян келтіргендері үшін әкелі-балалы Юнху екі жарым жылға және 54 дана жарылғыш зат дайындаған Вейсер 3 жылға сотталды.

Еске сала кетсек, 7 ақпанда Қордай ауданындағы Масаншы ауылында жаппай төбелес болып, салдарынан 10 адам көз жұмды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу