Бас прокуратура: Мұхтар Әбілязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз

713

Ал, ертең бас прокуратура М.Әбілязов ісі бойынша арнайы брифинг өткізуді жоспарлап отыр.   

Бас прокуратура: Мұхтар Әбілязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз Фото: qazaqtimes.com

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Экс-банкир Мұхтар Әбілязов Қазақстанға қайтарыла ма? Франция мен Қазақстан арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы шарт жасалған ба?" деген сұрақ қойды тілшілер спикерге Мәжіліс кулуарында.

"Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда құзырлы органдар М.Әбілязовқа қатысты екі қылмыстық іс қозғаған. Біреуі - БТА банк қаражатын жымқыру фактісі, екіншісі – Е.Тәтішевтің өліміне қатысты. Екі қылмыстық іс бойынша да айыптау үкімі күшіне енген соң тиісті экстрадиция тәртібімен Францияның өкілетті органдарына сұраныс хат жолданған. Олардың қаралу сатысы әртүрлі мерзімде, қазір Франция М.Әбілязовқа бассауға күшін жойды. Осы және қолданылып жатқан басқа да шаралар септігін тигізеді деп ойлаймын. Сұраныс хаттары біздің қатаң бақылауымызда, біз оған бар күшімізді саламыз", - деді Жандос Өмірәлиев.

Спикердің айтуынша, бұл - Қазақстанның ғана емес, шетелдік құқық қорғау органдарының да жұмысының нәтижесі.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда Франция Мұхтар Әбілязовке саяси бассауға болудан бас тартты.

Өткен аптада Америка алқабилер соты ақша ұрлау фактісі бойынша Мұхтар Әбілязовқа $218 млн айыппұл салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу