Бас прокуратура үгіт-насихат кезеңінде сауалнама жүргізу ережелерін ескертті

574

Үгіт-насихат кезеңі басталғаннан бері, еліміз бойынша екі заңбұзушылық фактісі анықталған. Олар сауалнама жүргізушілерге қатысты, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бас прокуратура үгіт-насихат кезеңінде сауалнама жүргізу ережелерін ескертті Фото: gov.kz

Бас прокуратураның мәліметінше, екі жағдайда да сауалнаманы жеке тұлғалар жүргізген. Ал заңда бұған тыйым салынған. Құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынды. Осыған байланысты Бас прокуратурада үгіт насихат кезеңінде, сауалнама жүргізу тәжірибесі кемінде 5 жыл, әрі тіркелген заңды тұлғалар ғана құқылы екенін ескертеді. Сондай-ақ, сауалнама өткізер алдында, олар Орталық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлауы керек. Айта кетсек, сауалнама жүргізу үшін осы уақытқа дейін ресми түрде 7 заңды тұлға жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу