Бас прокуратура: ҰҚК-ның 12 қызметкері қаңтардағы азаптау бойынша жауапқа тартылады

399

Азаптау дерегі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бас прокуратура: ҰҚК-ның 12 қызметкері қаңтардағы азаптау бойынша  жауапқа тартылады Фото: Ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасында азаптау дерегі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Азаптау бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағы 5 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. 23 адамға айып тағылды. Тағы бір қылмыстық іс сотта қаралуда. Жалпы 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның 17-сі полицей, 12-сі Ұлттық қауіпсіздік қызметкері", – деді Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң тілшілерге.

Сонымен қатар бас прокурордың орынбасары рақымшылыққа нақты қанша адам ілігетінін айтты.

"Біздің болжамға сәйкес, 1500-дей адам ілігеді. Олардың басым бөлігі – қарапайым азаматтар. Көбі жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар, ұрлық жасағандар және тағы басқа қылмыс жасағандар", – деді Әсет Шындалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу