Бас прокурордың орынбасары Қайрат Қожамжаровтың "Президентке жазған хатына" қатысты ойын білдірді

1025

Bek Air компаниясына тиесілі ұшақ апатын тексеру үшін процессуалдық прокурорлар тағайындалды.

Бас прокурордың орынбасары Қайрат Қожамжаровтың "Президентке жазған хатына" қатысты ойын білдірді Фото: ortcom.kz

Алматы түбіндегі ұшақ апатын тексеру үшін құрылған жедел-тергеу тобының жұмысын Бас прокуратура бақылайды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты. БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген "Қайрат Қожамжаровтың хатына" қатысты да пікір білдірді.

"Бұл іс бойынша процессуалдық прокурорларды бекіттік. Тиянақты, обьективті тергеу жүргізіледі. Соның негізінде апаттың себебі анықталып, тиісті қорытынды шығарылады.  Барлық қызметтерге, соның ішінде лауазымды тұлғалардың әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Оның ішінде сіздер қойған сауал бойынша да іс-шаралар кешені жүргізіледі. Жер телімдерін бөлуден бастап басқа да мәселелер толық қамтылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Жедел-тергеу тобы құрылды. Бақылау Бас прокурорға жүктеліп отыр", – деген құзырлы орган өкілі әзірге нақты біреуге айып тағу ерте екенін айтты.

"Бүгінде бұл сұрақтар тексеріліп жатыр. Тергеу құпиясы деген бар. Тергеудің қорытындысы шыққан бойда мәлімет береміз", – деді ол.

Марат Ахметжанов әлеуметтік желіде "бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың Президентке жазған қызметтік хаты" деген атпен тараған ақпаратқа қатысты да ойын білдірді.

"Бұл мәселелер бас прокуратураның әрқашан да назарында. Қай бас прокурор болса да... Осы сала бойынша алқа мәжілістері өткізілген, үйлестіру кеңестерінде де біраз мәселелер қарастырылған. Өйткені бұл – біздің қадағалауымыздың бір саласы.  Біз әрбір сала бойынша  мемлекет басшысына жылдың қорытындысы мен үйлестіру кеңесінің қорытындыларын, алқа мәжілісінің қорытындыларын баяндап отырамыз", – деген Бас прокуратура өкілі журналистердің "сонда бұл фейк пе, әлде шын хат па" деген сауалына "білмеймін" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу