Бас санитарлық дәрігер: Жағдай тұрақтала бастады

636

Соңғы екі аптада коронавирустық инфекция жұқтыру 7%-дан асқан жоқ.

Бас санитарлық дәрігер: Жағдай тұрақтала бастады Фото: inform.kz

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақтала бастағанын мәлімдеді. Яғни соңғы екі аптада коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайы 7%-дан аспаған.

"Наурыз айында байланыста болғандар мен сырттан келгендерді анықтасақ, сәуірде біз профилактикалық тестілеуге көштік", – деді Бас санитарлық дәрігер онлайн-брифингте.

Сонымен қатар ол сәуір айында тіркелген 1862 жағдай тестілеу қорытындысымен анықталғанын атап өтті.

"Профилактикалық тестілеудің мақсаты – жасырын ошақтарды анықтау. Мұндай сараптама жүргізілмегенде індет жұқтырғандардың саны бұдан да көп болар еді", – деді Айжан Есмағамбетова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу