Бас штаб бастығы әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын бағалады

175

Әскери техника мен жеке құрамның даярлық деңгейіне ерекше назар аударылды.  

Бас штаб бастығы әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын бағалады Фото: gov.kz

Ақмола өңірлік гарнизонына қарасты 68665 әскери бөлімінің қызметін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында ол әскери бөлімдегі қызметтің ұйымдастырылуымен танысып, жеке құрамның жауынгерлік даярлық деңгейін бағалады. Сонымен қатар қару-жарақ пен әскери техниканың, әскери киім-кешек пен жабдықтардың жай-күйі тексерілді.

Әскери бөлімдегі қызметтік құжаттаманың жүргізілуіне де назар аударылды. Әсіресе жаңадан құрылған бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігіне, жасақталуына, әскери қызметшілердің өзара үйлесімді әрекет етуіне және қойылған міндеттерді жедел орындау қабілетіне басымдық берілді.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери бөлім басшылығына жеке құрамның даярлығын одан әрі жетілдіру, қару-жарақ пен әскери техниканы тұрақты жауынгерлік әзірлікте ұстау және аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтау жөнінде міндеттер қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу