Павлодарда мектепте төбелес болып, оқушы ми жарақатымен ауруханаға түсті

517

Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

Павлодарда мектепте төбелес болып, оқушы ми жарақатымен ауруханаға түсті Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Қ.Мақпалеев мектебінде бірнеше оқушы арасында төбелес болғаны туралы ақпарат жарияланды. Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды inbusiness сайты @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"13 наурызда мектептің қасында төртінші сынып оқушылары арасындағы ойын салдарынан жанжал шықты. Бір оқушы бас жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", – деді департаментте.

Зардап шеккен 11 жастағы баланы кезекші дәрігер травматолог қарап шығып, травматология бөлімшесіне орналастырған.

"Балаға жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылған. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде. Оқушының сөзінше, оны жоғары сыныптағы балалар ұрып-соққан", – деді облыстық балалар ауруханасында.  

Полиция департаменті 13, 12, 11, 10 жастағы балалардың тәртібі мектептің тәртіптік кеңесінде қаралғанын мәлім етті. 

"Барлық ата-аналар кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – деді департаментте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу