"Басқа әйелмен ұстап алған": Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сұмдық ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы бүтін бір отбасы мүшелерінің өліміне байланысты қылмыстық істен  үзінділер тарады. 

"Басқа әйелмен ұстап алған": Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сұмдық ақпарат тарады Фото: egemen.kz

Онда марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шілмағамбетова Ақбаянға қатысты пікір білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Мақсот Қарабалин Ақбаянды 2022 жылы Сұлтан Сәрсемәлиевтің үйінен себепсізден-себепсіз алып кетпеген. Бұл жағдайға Ақбаянның телефон арқылы айтқан шағымы себеп болыпты. 

– Ақбаян телефон соғып, Сұлтанды басқа әйелмен ұстап алғанын, ендігі жерде бірге тұра алмайтынын айтқан соң ғана әкесі алып кетті. Әйтпесе, әдейі араласқан ешкім жоқ, – деді Әдемі Шілмағамбетова.

Сотта сөз сөйлеген ол марқұм ағасының отбасылық мәселеге өздігінен араласпағанын түсіндірмек болды. 

Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев сотта істеген қылмысына өкініп, Құдайдан кешірім сұрау үшін Меккеге барғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу