Баскетболдан федерация кубогі сарапқа салынады

699

Жарысқа қатысушы командалар өткен жылғы Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша екі топқа бөлінді. 

Баскетболдан федерация кубогі сарапқа салынады

20-24 қаңтар аралығында Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасындағы жаңа турнирдің тұсауы кесіледі. Қазақстан баскетбол федерациясының кубогі додасына алты команда қатыспақ, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарысқа қатысушы командалар өткен жылғы Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша екі топқа бөлінді. 

"А" тобында "Астана Тайгерс", "Ертіс" (Павлодар) және "Ақтөбе" клубтары сынға түседі. 

"В" тобында "Каспий" (Маңғыстау облысы), "Қазығұрт МарС" (Шымкент), сондай-ақ, Алматы облысының командасы бақ сынайды. 

Турнир жеңімпаздары наурыз айының соңында өтетін Қазақстан кубогі бәсекесіне қатысу мүмкіндігін алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу