"Баспана" АҚ акциялары сатылымға шығарылады

649

Компанияның әр жай акциясы 1000 теңгеден сатылып жатыр.

"Баспана" АҚ акциялары сатылымға шығарылады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 25 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлады.

Айта кетейік, бүгінге дейін компанияның 66 млн 895 акциясы сатылған еді. Жалпы саудаға компанияның 100 млн бағалы қағазы шығарылған.

Қазіргі таңда компанияның бір акциясының құны 1000 теңге. Бүгін сатылатын барлық 10 млн облигация бір лотпен сатылады.

Сауда-саттық бастамашысы "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest"  АҚ.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінім бере алады, ал өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы ғана өтінім беруі керек.

"Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді  "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі"  АҚ корреспонденттік шотында алматылық уақытпен сағат 18:20-ға дейін болуын қамтамасыз етуге тиіс",–деп хабарлайды KASE.

Естеріңізге сала кетейік, "Баспана" ипотекалық компаниясы" АҚ 2019 жылдың 18 маусымында инвесторларға 2018 жылғы пайданы бөлу кезінде әрбір жай акцияларға 272,27 теңгеден дивидент төлеген еді. Төленген жалпы дивиденттің көлемі шамамен 5,6 млрд теңге болған.

Ал 2018 жылдың 17 желтоқсанында Fitch Ratings агенттігі компанияның эмитент дефлотының ұзақмерзімді рейтингін  "BBВ" деңгейінде және ұлттық рейтингте "AAA" (kaz)деп бағалаған еді. Ал рейтингтің болжамын "тұрақты" деп көрсеткен болатын.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу