Елорда полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен 34 жастағы келіншекті ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға "Үй алып беруге көмектесем" деп уәде берген.
Ол өзінің жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, жалған құжаттар ұсынған.
Нәтижесінде, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай 3 қылмыс эпизоды анықталды.
Әйелдің бұрын сотталғаны анықталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу