Баспана бағасы қымбаттай ма?

2474

Сауалға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы жауап берді.

Баспана бағасы қымбаттай ма?

Серік Жұманғарин баспана бағасы туралы пікір білдірді, деп жазды inbusiness.kz.

"Тұрғын үй бағасы бойынша қолымда қазір соңғы деректер жоқ. Былтыр қайталама нарықта да, бастапқы нарықта да бағаның өсуі тіркелген болатын. Кейін бастапқы және қайталама нарықтағы баспана бағасын 3%-дан 20%-ға дейін түскенін хабарладық. Өйткені жетекші құрылыс компанияларымен сондай меморандумға қол қойғанбыз. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша бағаның төмендеуіне әсер етті", – деген Серік Жұманғарин қымбатшылыққа қосымша қаржы көзінің пайда болуы ықпал еткенін атап өтті. 

Сонымен қатар ол алдағы уақытта бағаның қалай құбылатыны экономикалық жағдайларға байланысты екенін атап өтті.

"Халық жинағына тұрғын үй сатып алды. Сондықтан біз бұл мәселеге мониторинг жүргіземіз. Баға қатты өседі деп ойламаймын. Өйткені бұл халықтың төлем қабілетіне тікелей байланысты", – деп түйіндеді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу