Өйткені, үшінші мәрте аукционға шығарылған үйдің құны арзандап барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кәрім Мәсімовке тиесілі үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болған еді. Қазір бұл 1,6 млрд теңгеге дейін төмендетілген. Алғашқы жарнасы – 117,9 млн теңге. Өтінімдерді қабылдау 13 мамыр, сағат 9:00-ге дейін жүргізіледі. Сол күні сағат 11:00-де сауда-саттық өтеді.
Еске салайық, 10 ақпанда ҰҚК-ның экс-төрағасының үйі сатылымға шыққанын хабарлаған едік. 25 ақпанда өткен аукционда Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін алуға ешкімнің зауқы болмады.
Одан кейін, яғни 12 наурызда аталған үй тағы сатылымға шығарылды. Бірақ, ол кезде үйді сатып алушы жоқ болып шықты.
ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін "мемлекетке опасыздық жасады" және "мемлекеттік ұйымдастырмақ" болды деген күдікпен қамауға алынды. Оның бас бостандығы 18 жылға шектелді.