Басшылар қалай "страховка" жасайды?

798

Бүгінгі таңда шенеуніктер құжаттарға, әсіресе бюджет қаражатына қатысты құжаттарға қол қоймауға тырысады. Бұған әлдебір "негіз" іздей бастайды. Егер ештеңе табылмаса, басқа мемлекеттік органдардың жауабын немесе алқалы органдардың шешімін алға тартып, "страховка" жасап алады.

Басшылар қалай "страховка" жасайды?

Бұл туралы "мемлекет аппараты қызметін бюрократиядан арылту" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты. 

"Жауапкершіліктен жалтару үшін осындай әрекеттерге барады. "Ұжымдық жауапкершілік ұжымдық жауапсыздыққа әкеледі" ("коллективная ответственность влечет коллективную безответственность") деген содан шығады. Сондықтан жауапкершілікті арттыру және бірінші басшылардың дербестігін қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық жауапкершілік қағидаты енгізіледі", – дейді Шайымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу