Басшылар қарамағындағы қызметкері үшін жауапкершілік алуға дайын емес – Алик Шпекбаев

1073

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлық жасаса, басшысы   бірден лауазымынан босатылатынын мәлімдеді. 

Басшылар қарамағындағы қызметкері үшін жауапкершілік алуға дайын емес – Алик Шпекбаев

"2020 жылы қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 саяси қызметші отставкаға жіберіліп, 9 саяси қызметкер, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымындағы 39 басшы және квазимемлекеттік сектордың 5 топ-менеджері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді Алик Шпекбаев агенттіктің кеңейтілген алқа отырысында. 

Ол басшылар қарамағындағы қызметкері үшін жауапкершілік алуға дайын емес екенін айтты. 

"Барлығы басшы болуға ұмтылады, бірақ кез-келгені қарамағындағы қызметкері үшін жауапкершілік алуға дайын емес. Отставкаға кету туралы өтініш беру және іс жүзінде отставкаға кету – екі түрлі әрекет. Жиі берілетін ескертулер мен сөгістер азаматтардың тек ашуын туғызады. Сондықтан заңмен қоса моральдік-этикалық қағидаттарды да басшылыққа алатын уақыт келді. Осы тұрғыда біз, кеңесіп, агенттік қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берсе, оның тікелей басшысын атқаратын лауазымынан бірден босату туралы шешім қабылдадық. Бұл шара басшылар сыбайлас жемқорлық фактісін өз бетінше анықтап, жолын кескен жағдайда ғана қолданылмайды", – деді Алик Шпекбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу