"Бастау бизнес" жобасы алғаш рет Маңғыстау облысында басталды

628

Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласында пилоттық жоба ретінде қолға алынып, кейін оның тәжірибесі республика көлемінде қолданылды.  

"Бастау бизнес" жобасы алғаш рет Маңғыстау облысында басталды

Жоба жемісті жүзеге асып келеді. Тек осы өңірде 5 жыл ішінде 7 мыңдай жұмыссыз жан оқытылды.

Ербол Бейнеубай 26 жаста. Екі қолына бір күрек таппай жүргенде "Бастау бизнес" жобасы жайлы ғаламтордан біліп, кәсіпкерлік білімін жетілдірді. Сонан соң 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаражат алып, ұлттық қол өнерді кәсібіне айналдырды. Қазір бесік пен сандық жасап, ісін дөңгелетіп отыр. Осылайша өз-өзін жұмыспен қамтыды.

"Айына 15-20 бесік шығарып отырамын. Сұраныс бар. Болашақта өз брендімді ашып, кәсібімді кеңейтемін деген жоспарым бар. Адам санын көбейтемін", - дейді ол.

Маңғыстауда 5 жыл ішінде 6 мың 595 адам кәсіпкерлікке оқытылды. Оның ішінде 2200-і жеке бизнесін ашқан. Демек Бастаулықтардың 33 пайызы кәсіпкер атанды деген сөз.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанованың айтуынша, түлектердің ішінде несие мен грант алғандар бар. Барлық сомма 3 млрд тг-ге жуықтайды. Олардың көбі 3100 жаңа жұмыс орнын ашты. "Бастау бизнес" түлектерінің арқасында Маңғыстау облысының жұмыссыздары табыс тауып отыр.

"Бастау бизнес" бойынша дәріс алғандардың 1,5 мыңы грантқа қол жеткізді. Ал 600-ден астамы жеңілдетілген несие алып, кәсіптің тұтқасын ұстады. Қазірдің өзінде 200 жұмыссыз курс оқуға кезекте тұр.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу