"Бастау Бизнес" жобасы аясында 15 микроқаржы ұйымы құрылды

782

Биыл "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырып келе жатқан "Бастау Бизнес" жобасына 5 жыл толады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бастау Бизнес" жобасы аясында 15 микроқаржы ұйымы құрылды

Өткен жылдар аралығында еліміздің 150 мың тұрғыны бизнес негізі бойынша білім алып, 40 мың бизнес-жобаны ақиқатқа айналдырды. Бұл – "Бастау Бизнес" жобасының әрбір үшінші түлегі жеке кәсіп ашты деген сөз. 

Айта кетейік, жобаға қатысушылар 60 мыңға жуық жұмыс орнын құрып, бюджетке шамамен 1,4 млрд теңге салық төледі. 

Биылдан бастап "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Бастау Бизнес" жобасы аясында ауыл кәсіпкерлігіне оқытып қана қоймай, жобаларды қаржыландырып, сүйемелдеу көрсетіп жатыр. Бұл үшін 15 микроқаржы ұйымы құрылып, жеңілдікпен берілетін несиеге 22 млрд теңге бөлінді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу