"Бастау бизнес" жобасына өтінім қабылдау басталды

Құжаттар алдағы 10 күн бойы қабылданады.  

"Бастау бизнес" жобасына өтінім қабылдау басталды Фото: gov.kz

Жыл соңына дейін мұндай төрт лек өткізу жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Грант мөлшері 400 АЕК-ке (1 380 000 теңге) тең. Әр қатысушы мұндай грантты бір рет қана ала алады.

Айта кетейік, грантқа қатысты кез келген сұрақ бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.

Гранттар мынадай мақсаттарға: қажетті жабдық (инвентарь), еңбек құралдары, технологиялық жабдық, жануарлар, төрт түлік, құс, ағаш көшеті, бұталы өсімдіктер, тұқым, көшет сатып алу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға қажет орынжайды жалға алуға беріледі.

Гранттар несие төлеу, тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу және салу, жер учаскелерін сатып алу, акциздік өнімдерді өндіру сынды тұтынушылық мақсаттарға берілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу