Басынан дау арылмаған "Туристік қамқор" жабылуы мүмкін

736

Басынан дау арылмаған "Туристік қамқор" жабылуы мүмкін

Мәжілісмендер сақтандыру туралы заңға өзгерістер енсе, қордың қажет болмай қалатынын айтып отыр. Өйткені, жаңа құжатқа сай, демалуға шығатын әр турист қауіпсіздігін өз қалтасынан қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп, оқыс жағдай бола қалса, қорға емес, бірден сол сақтандыру полисінің қызметіне жүгінуге тиіс, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Мәжілісте қызу талқыланып жатқан жаңа құжат бойынша,шетелге шығарда демалысты міндетті түрде сақтандыру қарастырылған. Қауіпсіз саяхаттың бір күні - 350 теңге. Бұл ақшаға жерлестеріміз жеке мүлкінен бастап, өміріне дейін сақтандырмақ. Егер заң қабылданып жатса, шетелде тентіреген туристердің елге қайтаруға жауапты қор қажет болмай қалады.
"Тур операторлар тек сақтандыру компаниялары мен ғана жұмыс істейтін болады. Сондықтан "Туристік қамқор" қажет болмай қалатын шығар. Бірақ, бұл жағы әлі түсініксіз", - дейді депутат Сергей Смирнов. 
Жалпы, заңда сақтандыру қызметіне енгізілетін жаңалық көп. Мәселен, құжат қабылданса, тұрғындар кез-келген сақтандыруды үйден шықпай-ақ интернет арқылы сатып алуына болады. Мәселен, автокөліктің сақтандыруын онлайн алуға мүмкіндік болмақ.  Әрі полисті енді қағаз күйінде тасудың қажеті болмай қалуы мүмкін.
"Қазір жүргізушілер міндетті түрде сақтандыруды өзімен алып жүреді. Енді мұндай артық қағаз тасудың қажеті болмай қалады. Өйткені, жол полициясы сақтандырудың бар жоғын өзі базадан көріп алады", - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу