Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға жоғары, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оң динамика контейнерлік, құрғақ, паромдық және мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 434 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті.
Контейнерлік жүк айналымында айтарлықтай өсім байқалды. Есепті кезеңде контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 2 млн 984 мың тоннаға жетті. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 17%-ға артық.
2026 жылдың тоғыз айында паром арқылы тасымалданған жүк көлемі 402 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 54%-ға артты. Өсімнің артуына "Констанца – Батуми" бағыты бойынша аптасына бір рет тұрақты қатынайтын қосымша паром рейсінің ұйымдастырылуы да ықпал етіп отыр.
Мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 429 мың тоннаға жетіп, 2025 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 5%-ға өсті.