Батутты гимнастикадан Қазақстан командасы лицензиялық әлем кубогіне қатысты

836

Аталған лицензиялық әлем кубогінде 93 спортшы, соның ішінде Қазақстаннан 4 спортшы бар. 

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасы лицензиялық әлем кубогіне қатысты

3-7 қазан күндері Испанияның Валядолид қаласында батутты гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған лицензиялық әлем кубогінде 93 спортшы, соның ішінде Қазақстаннан 4 спортшы бар.

Қазақстан спортшылары арасынан үздік көрсеткішке Данил Мұсабаев қол жеткізді. Ол 107,150 ұпайымен 35-ші орынға жайғасты.

Игорь Грачёв 42-ші, Пирмаммад Алиев 66-шы, Данияр Түсіпов 85-ші орынға тұрақтады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу