Батыс Қазақстан облысында 10 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр

186

Су тасқыны болған аймақтарда эвакуациялық пункттер құрылып, күні бүгінге дейін тұрғындарға тегін кеңес беріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында 10 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Оның төртеуі Орал қаласында, ал қалғаны Бөрлі, Сырым, Бәйтерек сынды аудандарда орналасқан. Түрлі саладан құралған мамандар онда тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр.

Бүгінде су тасқыны болған аймақтарда эвакуациялық пункттер құрылып, күні бүгінге дейін тұрғындарға тегін кеңес беріп отыр.

Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты – су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, кең көлемде ақпарат беру.

Қоғамдық штаб құрамына – заңгерлерден, дәрігерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен кәсіпкерлер бар.

Көмекке жүгінгендердің басым бөлігі баспанасы суда қалған тұрғындар екенін айтады.

Жылыой ауданының Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев ТЖ кезіндегі халыққа көрсетіліп жатқан қызмет туралы айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу