Батыс Қазақстан облысында 37 жолаушысы бар автобус өртенді

536

Оқиға 8 тамызда кешке болған.  

Батыс Қазақстан облысында 37 жолаушысы бар автобус өртенді Фото: Видеодан скриншот

Жолаушы автобусы Орал қаласынан Қаратөбеге бара жатқан. Көлік қозғалыс кезінде өртене бастаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиға болған уақытта көлік салонында 37 адам болған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Салондағы адамдардың бәрі автобустан өз бетінше түсіп үлгерген.

Әлеуметтік желілерде таралған видеолардан будақтаған қара түтін мен қып-қызыл отты көруге болады.

"8 тамызда кешке Теректі ауданында, Самара – Шымкент жолында, Шалқар көліне қарай бұрылатын жерде автобус өртеніп жатқаны туралы шұғыл хабар түсті. Салонда 37 жолаушы болған. Олардың бәрі өздігімен шығып үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ", – деп таратты БҚО облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Өртті сөндіруге 8 адам мен арнайы 2 техника жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу