Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп, бір отбасының 5 баласы ажал құшты

1230

Қайғылы оқиға Сырым ауданы Жымпиты ауылында болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп, бір отбасының 5 баласы ажал құшты Фото: БҚО ТЖД

Балалар 6, 5, 4, 3 және 2 жаста болған.

– Өрт сөндірушілер хабар түскеннен соң 5 минуттан кейін жеткен. 30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Құтқарушылар 5 баланы ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізгенімен, олар көз жұмды. Өрт толықтай сөндірілді, – делінген хабарламада.

Ата-анасы пәтер жалдап тұрған, өрт кезінде жұмыста болыпты.

Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қаза тапқан балалардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.

– Әкімдік тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және басқа да қажетті көмек көрсетіледі, – деді ол.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу