Батыс Қазақстан облысында оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды

141

Оқиға бүгін Теректі ауданының Подстепный ауылында болған.   

Батыс Қазақстан облысында оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды Фото: Businessman.ru

Мектеп оқушылары арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Куәгерлердің айтуынша, оқушылардың бірі өз сыныптасына пышақ жарақатын салған.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Теректі ауданындағы мектептердің бірінде болған бұл бұзақылық әрекетке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алдын ала деректер бойынша, жанжал оқушылар арасындағы өзара келіспеушіліктен туындаған.

– Күдікті оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар, жанжалға қатысы бар кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолданылады. Материалдар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу