Батыс Қазақстан облысында орманға кіруге тыйым салынды

434

Сондай-ақ, көлік құралдарының орман аумағына кіруіне тыйым салынады.

Батыс Қазақстан облысында орманға кіруге тыйым салынды Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупіне байланысты орманға баруға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №155 қаулысына сәйкес, жоғары өрт қаупі кезеңінде арнайы шектеулер қолданылады.

Құжатқа сәйкес, ауа райы тұрақталғанға дейін, яғни ауа температурасы төмендегенше, күн сайын сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жеке тұлғалардың орманға баруына және демалуына, сондай-ақ көлік құралдарының орман аумағына кіруіне тыйым салынады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған және әкімдік қаулысының талаптарын орындамаған азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу