– 2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы" 0-158 шақырым аралығы (Казталовка ауылы – Жәнібек ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, – делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 01 ақпан сағат 18:00-де ашу жоспарланған. Ал Маңғыстау облысында жол ашылады.
Бүгін, 1 ақпан сағат 11:00-де республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 632-718 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шетпе елді мекені – Жетібай елді мекені) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.