Батыс Қазақстанда 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды

160

Облыста су басу қаупі төнген жерлерден барлығы 13 068 адам эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды Фото: СҚО білім басқармасы

ҚР ТЖМ жедел штабынан түскен мәліметке қарағанда, соның 19-ы – мүгедектер, 5 472-сі – балалар. 11 249 адам туысқандарының үйіне кетсе, 1 819-ы (877-сі – балалар) эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр.

Облыс бойынша су шайған 63 жол бақылауда. Күні бүгінге дейін 9 елді мекен қатынассыз қалып отыр. 830 саяжай үйі суға кетті.

Батыс Қазақстанда 4 886 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. 2 402 мал өлімі тіркелді.

"Өңірде тікұшақтармен - 31 мың, автокөлікпен – 60 мың, теміржол көлігімен 134 мың кг гуманитарлық жүк жеткізілді. ТЖ және әкімдіктер күштерімен 1 млн 20 мыңнан астам текше метр су сорылып, 423 мыңнан астам қап төселіп, 3 219 мың тонна инертті материал әзірленді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 5 271 адам, 825 техника, 7 су соратын мотопомпа, 14 жүзу құралы, 2 тікұшақ тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу