Батыс Қазақстанда аудандық полиция бөлімінің бастығы ұсталды

305

Онымен бірге көші-қон қызметінің қызметкері де қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда аудандық полиция бөлімінің бастығы ұсталды Фото: kazgazeta.kz

20 қазан күні Сырым ауданының полиция бөлімінің бастығы мен көші-қон қызметінің қызметкері ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Қосымша мәліметтер жарияланбайды, өйткені ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу барысына немесе оның нәтижесіне әсер етуі мүмкін ақпаратты жария етуге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу