Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары қарға көміліп қалған қойларды құтқарды

368

Кадрларда ауыл тұрғындарының малды қардан аршып алып жатқан сәттері бейнеленген.  

Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары қарға көміліп қалған қойларды құтқарды Фото: бейнежазбадан

Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан қойлардың қар астында қалғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Казталов ауданы әкімдігінің мәліметінше, бораннан кейін қанша малдың шығынға ұшырағаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта залал көлемі нақты есептеліп жатыр. Қарға көмілген қойлар "Қадырболат" шаруа қожалығына тиесілі, қожалық басшысы – Қуаныш Мұқашев.

Тұрғындардың айтуынша, өңірдің өзге аудандарында да бораннан кейін төрт түлікті түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында боран кезінде жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ өңірде тағы бір ер адамның денесі анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу