Батыс Қазақстанда 4 адам көлікте тірідей жанып кетті

117

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Батыс Қазақстанда 4 адам көлікте тірідей жанып кетті Фото: куәгерлерден

Оқиға 17 шілде күні шамамен сағат 15:00-де Орал-Озинки жолының 64-шақырымында Бәйтерек ауданы Усихино елді мекені тұсында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" жүк көлігін басып озамын деп, рөлге ие бола алмай, оның артқы бөлігіне соғылған. Соққы салдарынан жеңіл автокөлікте өрт шығып, жанып кеткен.

− Оқиға орнында Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, − деп хабарлады ведомстводан. 

Бұдан бұрын БҚО-да автокөлік аударылып, екі адамның көз жұмғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу