Батыс Қазақстанда дропперлерді тартқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді

93

Іс сотқа жолданды.

Батыс Қазақстанда дропперлерді тартқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді Фото: inbusiness.kz

БҚО-да алаяқтық жолмен алынған қаражатты дропперлер арқылы айналымға шығару схемасы әшкереленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтардың банк шоттарына заңсыз қол жеткізіп, қылмыстық қаржы операцияларын жүзеге асырған топтың әрекетін тоқтатты.

Күдікті  Вейднер Т.Е. алаяқтықпен алынған қаражатты үшінші тұлғалардың шоттары арқылы аударып, қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған схеманы әзірлеп үйлестірген. Ол осы мақсатта дропперді, өзге де тұлғаларды заңсыз әрекеттерге тартып, олардың әрқайсысына нақты міндеттер бөліп берген.

Мұндай әрекеттерге қатысқаны үшін дропперлерге 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы төлеген.

Мәселен, 2025 жылғы қазанда Орал қаласындағы студенттердің бірінің атына банк шоттары ашылып, онлайн-банкингке қол жеткізу деректері схема ұйымдастырушысына берілген. Аталған шоттар арқылы интернет-алаяқтықтан түскен қаражат жүргізіліп, кейін олар айырбасталып, шетелге аударылған.

Шот иесі болып жатқан әрекеттердің заңсыз екенін түсінген соң, өз еркімен құқық қорғау органдарына жүгініп, соның нәтижесінде қаржы операцияларын дер кезінде шектеуге мүмкіндік туған. Шоттар бұғатталғаннан кейін күдікті мен оның сыбайластары жәбірленушіге қысым көрсетіп, банк қосымшаларын қайта верификациялауды талап еткен.

Оны пәтерде заңсыз ұстап, күш қолданамыз деп қорқытып, ұялы телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген, ал түскен қаражатты өзара бөліскен.

Сонымен қатар, күдіктілер шоттардағы шектеулерді алып тастауға әрекет жасап, жәбірленушіні банктер мен әкімшілік органдарға ертіп жүрген.

Схема ұйымдастырушысы қамауға алынды, ал оның алты сыбайласына қатысты кепіл және елден шықпау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу