Жол-көлік оқиғасы 8 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Круглоозерное ауылында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Lada Priora көлігінің жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып, жылдамдығын төмендетпестен оқиға орнынан кетіп қалған.
Зардап шеккен әйелдердің бірін аман алып қалу мүмкін болмады. Екінші әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезінде оның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Күдікті қамауға алынды.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен әйелдер анасы мен қызы болған. Расталмаған мәлімет бойынша, қаза тапқан әйел 31 жаста болған, ал оның анасы ауруханада жатыр.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.