Батыс Қазақстанда мотоцикл аударылып, жүргізуші қаза тапты

251

​Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында мотоциклдің аударылуы салдарынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда мотоцикл аударылып, жүргізуші қаза тапты Фото: radio1.ru

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қазанда сағат 18:40 шамасында Чапаев – Жаңақала – Сайқын автожолының 142-шақырымында болған.

Алдын ала дерек бойынша, SONLINK мотоциклін тізгіндеген ер адам мотодулығсыз жүрген. Мәстексай ауылына бағыт алған кезде ол көлік тізгініне ие бола алмай, мотоцикл аударылған.

Жүргізуші алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпаратты жарияламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу