Батыс Қазақстанда облысында ауыл әкімі жазаланды

168

Аймақтағы Егіндікөл ауылдық округінің әкімі өзіне жүктелген міндетті толық орындамай, қызметіне кір келтірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда облысында ауыл әкімі жазаланды Фото: aikyn.kz

Қаратөбе ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша қабылданған шараларды тексеру барысында іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін 6,5 млн теңгеден астам заңсыз аудару фактілері анықтады.

"14.11.2024 жылғы атқарылған жұмыстар актісі бойынша Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімімен құны 6 599 900 теңге болатын шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың қабылданғаны анықталды. Алайда, Қаратөбе ауданының прокуратурасы фото және бейне тіркеуді қолдана отырып шағын футбол алаңын көзбен шолып қарау барысында мердігер ұйымның сметалық құжаттамадан ауытқуға жол бергенін анықтады", – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, орама жабынын, қоқыс салатын жәшіктер мен орындықтарды, шамдарды жабдықтау, сондай-ақ, қоршауды отырғызу жұмыстары аяқталмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Қаратөбе ауданының әкімдігі Егіндікөл ауылындағы шағын футбол алаңын жөндеу бойынша барлық жұмысты сметалық құжаттамаға сәйкес орындау бойынша шаралар қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу