Батыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның денесі табылды

242

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖД күш-құралдары дереу жіберілген.

Батыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның денесі табылды Фото: видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қаңтар күні кешкісін Северная көшесінде болды.

– Өрт сөндірушілер келіп жеткен мезгілде тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру барысында үй ішінен үш адамның денесі табылып, шығарылды. "Тілсіз жауды" ауыздықтауға 14 адам, 3 техника жұмылдырылды. 90 шаршы метрді қамтыған өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде, – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу