Батыс Қазақстанда өрттен 2 адам қаза болды

246

Өрт сөндірушілер жеткен мезгілде 50 шаршы метр аумақта төбе мен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.

Батыс Қазақстанда өрттен 2 адам қаза болды Фото: видеодан алынған кадр

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20.11-де Бәйтерек ауданы Көшім ауылындағы тұрғын үйде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бөлімшелер жеткенге дейін полиция қызметкерлері екі адамның денесін алып шыққан. Олардың біреуі ер, екіншісі әйел адам. Тілсіз жау сағат 21.30-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу