Батыс Қазақстанда полиция қызметкері взвод командирін атып өлтірді

765

Ақжайық ауданы 2-батальонының қызметкері, полиция сержанты табельдік қаруынан осы батальонның взвод командиріне бірнеше рет оқ атқан.

Батыс Қазақстанда полиция қызметкері взвод командирін атып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері взвод командирін атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 қыркүйек күні сағат 16.37 шамасында Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында аудандық ішкі істер бөлімінің аумағында орын алды. ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Ақжайық ауданы 2-батальонының қызметкері, 1994 жылғы полиция сержанты табельдік қаруынан осы батальонның 1986 жылғы взвод командиріне бірнеше рет оқ атқан. Соның салдарынан взвод командирі оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде.

Қазіргі кезде себеп-салдары анықталып жатқан оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 16.32-де шақыртылған. Жедел жәрдем бригадасы төрт минуттан кейін жеткенімен, оқ тиген ер адам дәрігерлер келгенше көз жұмды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу