Батыс Қазақстан облысында Орал–Атырау трассасында ірі жол апаты болып, 1 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"ВАЗ-2115" жүргізушісі басып озу кезінде қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry және Hyundai Creta көліктерімен соқтығысқан.
Салдарынан "ВАЗ-2115" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Hyundai Creta-ның жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу