Батыс Қазақстанда желіге бейнежазба жүктеген дәрігерге тәртіптік шара қолданылды

164

Ішкі тексеру жүргізілген.

Батыс Қазақстанда желіге бейнежазба жүктеген дәрігерге тәртіптік шара қолданылды Фото: kaz.inform.kz

Батыс Қазақстан облысындағы аудандық ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін дәрігерге қатысты дау шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Бәйтерек ауданы Дариян аудандық ауруханасында түсірілген бейнежазба желіде тараған. Тұрғындардың айтуынша, дәрігер желіге пациенттердің құжаттары көрініп тұрған бейнеролик жүктеген.

Сонымен қатар оның "Дәрігерлер қалай билейді. Нарколог" атты бейнежазбада билеп тұрған сәті көрінген.

БҚО денсаулық басқармасы ішкі тексеру жүргізілгенін хабарлады. 

"Медицина қызметкері аталған бейнежазбаны сезінбей, қандай да бір ойсыз, насихатсыз, абайсызда салған. Ол – жалпы тәжірибедегі жас дәрігер, еңбек жолын жаңа бастаған маман, жұмысқа жауапкершілікпен қарайды, емделушілерден алғыс алған. Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Аурухана әкімшілігімен медицина қызметкеріне ескерту түрінде тәртіптік шара қолданылды. Құпиялылық пен кәсіби этиканы сақтау бойынша қосымша түсінік жұмыстары жүргізілді. Аурухана әкімшілігі осы мәселе бойынша бақылауды күшейтті", – делінген ресми жауапта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу