Батыс Қазақстанда жоғалған ер адам табылды

239

Мал суаруға кетіп, жоғалып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда жоғалған ер адам табылды Фото: canva

Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облыстық ТЖД-ның 112 пультіне полициядан Жаңақала ауданында 1971 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

"Алдын ала мәлімет бойынша ер адам 15 желтоқсанда мал суару үшін елді мекеннен шамамен 5 шақырым қашықтықта орналасқан құдыққа қарай шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефон болмаған", – деп жазылған хабарламада.

Іздеу жұмыстарына БҚО ТЖД күштері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальоны, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар тартылды.

Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Сонымен қатар, әуеден барлау жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жедел түрде жұмылдырылды.

Нәтижесінде, ер адам бастапқы іздеу аймағынан 30 шақырым қашықтықта, Ақжайық ауданына қарасты "Бахас" қыстауынан табылды.

Жағдайы қанағаттанарлық. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу