Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 әйел адам көз жұмды

215

Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 әйел адам көз жұмды Фото: zakon.kz

Батыс Қазақстан облысында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 15 маусым күні шамамен сағат 18.50-де Теректі–Ақсай автожолының 52-шақырымында үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болды. 

Алдын ала мәліметке қарағанда, 1973 жылғы жүргізуші Toyota Prado автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан Volkswagen Tiguan автокөлігімен түйісуге жол берген. Содан кейін 1963 жылғы жүргізуші басқарған Toyota Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан Toyota Prado автокөлігінде отырған 1971 және 1974 жылғы екі әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілген басқа да зардап шеккендер бар. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу