Батыс Қазақстанда жолдарды саздан салып жатыр

1196

Батыс Қазақстанда жолдарды саздан салып жатыр

Батыс Қазақстан облысында ауыл арасындағы жолдардың құрылысына қиыршық тас пен қаражат тапшы болып отыр, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Батыс Қазақстан облысының Атамекен мен Оян ауылдарының арасындағы жол ақ саздан салынып жатыр.

БҚО Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиевтің айтуынша, ауыл арасындағы бұл жолдардың құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеген, сондықтан жергілікті билік аудандық бюджет қаражатын қолданып жатыр. Бұл қаражат Оян ауылына қарай 18 шақырымға және Атамекен ауылына қарай 15 шақырымға жетті. 

Сонымен қатар, Әлиев БКО өңірінде қиыршық тас жоқ, оны Ақтөбе облысынан әкелу қажет болатын. Ал қолдағы қаражатқа алынатын қиыршық тас тек екі шақырымға ғана жететінін атап өтті. 

"Тұрғындар ауыл арасындағы жолдардың құрылысын жасауды сұрады. Бізде қиыршық тас болмағандықтан, біз ол жолдарға ақ саз төсеуді жөн көрдік. Оның артықшылығы жауын-шашын кезінде шайылмайды", — деп түсіндірді аудан әкімі.

Көктемгі су тасқыны кезінде Тасқала ауданындағы ауылдардың тұрғындары екі ауылдың арасындағы жолдың шайылып кетуіне байланысты, бір апта бойы елді мекеннен шыға алмаған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу