Батыс Қазақстанда жүк көлігі мұз астына түсіп кеткен

191

Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерген.

Батыс Қазақстанда жүк көлігі мұз астына түсіп кеткен Фото: видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылында Шаған өзеннен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Сүңгуірлер тобы арқанды бекітіп, жүк көлігін судан шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

– ТЖМ азаматтарды жабдықталмаған өткелдер арқылы мұзға шықпауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу